locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Александр Бубликтің азаматтығын ауыстырғаны үшін Қазақстаннан қанша қаражат алғаны белгілі болды

Қазақстан теннисшіге база, сапарлар мен команда қолдауын ұсынды, бірақ тікелей ірі сома төленген жоқ
Александр Бубликтің азаматтығын ауыстырғаны үшін Қазақстаннан қанша қаражат алғаны белгілі болды
ФОТО: gettyimages.com

Әлемнің 11-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик ірі сұхбат беріп, Sports.ru порталына Ресей құрамасынан Қазақстан командасына ауысуы және елдің теннис федерациясынан алған қолдауы туралы жан-жақты әңгімеледі.

Бублик азаматтығын 2016 жылы ауыстырғанда, оған тікелей ірі ақша төлемдері болмағанын атап өтті:

«Ешкім тікелей ақша төлемейді. Маған жағдай жасалды. Қазақстан бүкіл ел бойынша база, жаттығуларға, дәрігерлерге, қалпына келу орталықтарына қолжетімділік береді, бапкер және фитнес-бапкермен бірге сапарларды қаржыландырады».

Теннисші материалдық қолдау рейтингте жоғарылағанша жалғасқанын, қазір ол федерациядан шығындарының бір бөлігін жабатын тұрақты жалақы алатынын баса айтты:

«Рейтингте көтерілген соң, оған мұқтаж болмадым. Ынтымақтастықты жалғастыруды талқылап, менің ересек әрі өз жолым бар екенін түсіндік. Ең қиын сәтте көмектескен адамдардан көбірек сұрауға ешқашан тілім бармас еді».

Қазақстан тарапынан қандай да бір талаптар бар ма деген сұраққа Бублик елдің тек Дэвис кубогында ел намысын қорғауды сұрайтынын айтты.

Айта кетейік, Александр Бублик Ресей азаматтығын Қазақстанға 2016 жылғы 21 қарашада, 19 жасында ауыстырған болатын.

25 желтоқсанда 14 жастағы қазақстандық теннисші Еуропада марапатқа ие болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie