locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Алға, Елена»: Головкин Рыбакинаның рейтингте бірінші орынға шығуына реакция білдірді

GGG теннисшінің тарихи жетістігіне де тәнті болды
«Алға, Елена»: Головкин Рыбакинаның рейтингте бірінші орынға шығуына реакция білдірді
ФОТО: Getty Images

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, ал қазір World Boxing бокс ұйымының президенті Геннадий Головкин Елена Рыбакинаның WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілуіне реакция білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Аты аңызға айналған GGG Instagram парақшасында осы тақырыпқа арналған суретті «жаңа әлемнің №1 ракеткасы. Алға, Елена» деген жазумен бөлісті.

Еске салайық, Рыбакина US Open турнирі аяқталғаннан кейін жаңартылатын WTA рейтингінің қорытындысы бойынша ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанады. Қазақстанның бірінші ракеткасы турнирдің жартылай финалына өтіп қойды. Оның осы кезеңдегі қарсыласы ресейлік Мирра Андреева мен америкалық Коко Гофф арасындағы матчта анықталады.

Осылайша Рыбакина 2024 жылғы 21 қазаннан бері 99 апта қатарынан әлемдік рейтингтің шыңында тұрған теннисшілер сериясын үзді.

Сонымен қатар Рыбакина жапониялық Наоми Осакадан кейін WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілген Азия теннисінің екінші өкілі атанды. Осака әлемдік рейтингтің көшін 2019 жылғы 28 қаңтардан 23 маусымға дейін 21 апта бойы бастады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie