Рыбакина әлемнің бірінші ракеткалары үшін бірегей жетістікті қайталады
Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына өтіп, әлемдік рейтингтің шыңына көтерілді. Осылайша ол бұған дейін тек Наоми Осака бағындырған жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Рыбакина жапон теннисшісінен кейін WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілген Азия теннисінің екінші өкілі атанды. Осака әлемдік рейтингтің көшін 2019 жылғы 28 қаңтардан 23 маусымға дейін 21 апта бойы бастады.
Осылайша жеті жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет рейтингті азиялық теннисші басқарды. Сонымен қатар төрт жарым жылға жуық уақыттан кейін алғаш рет әлемдік рейтингтің көшін еуропалық теннисші бастамады. Осакадан кейін 2019-2022 жылдары рейтингті австралиялық Эшли Барти басқарса, одан кейін бұл орынға польшалық Ига Швёнтек пен беларусьтік Арина Соболенко көтерілді.
Осылайша беларусьтік теннисші WTA рейтингіндегі бірінші орынды екі жылға жуық уақыттан кейін алғаш рет босатады. Соболенко 2024 жылғы 21 қазаннан бері рейтингтің көшін үздіксіз бастап келген еді.