Өзбекстанды қуып жету жолында: 2026 жылғы Азия ойындарының медальдар есебі
Қазақстан спортшылары медальдар есебінде бесінші орында тұр
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: НОК РК
Айти мен Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарындағы жарыстың сегізінші күні аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кезекті жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржыны бес жүлдемен толықты. Қазақстан спортшылары бір алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды.
- Сондай-ақ оқыңыз: Нора Джеруто Азия ойындарында тарихи күміс медаль жеңіп алды
Жалпы медальдар есебінде Қазақстан бесінші орында тұр және Өзбекстаннан 38 (10-17-11) кейін «өкшесін басып келеді». Ел спортшыларының еншісінде 40 жүлде бар: 9 алтын, 10 күміс және 21 қола медаль.
Азия ойындарының жалпы медальдар есебінде Қытай көш бастап тұр — 205 медаль (119 алтын, 48 күміс және 38 қола). Үздік үштікке сондай-ақ Жапония — 157 (37-62-58) және Оңтүстік Корея — 83 (21-23-39) кіреді.