locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: «Барыс» пен СКА сегіз шайбаны бірге соқты

Астаналық команда өз айдынында 3:5 есебімен жеңіліп қалды
ФОТО: «Барыс»

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында петерборлық СКА командасын қабылдады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Астаналық команда өз айдынында 3:5 есебімен жеңілді. Алдыңғы кездесудегідей, Михаил Кравец шәкірттері алғашқы кезеңді толықтай сәтсіз өткізіп, бірінші 20 минуттан кейін үзіліске 0:3 есебімен «жанып» шықты. Алаң иелері сапынан Симонов пен Логвин (дубль) шайба соқты.

«Барыс» өз алаңындағы серияны сәтсіз өткізіп, екі матчта да жеңіліс тапты. Кравец командасы 10 ұпаймен Шығыс конференциясында бесінші орында тұр. 30 қыркүйекте Қазақстан хоккейінің флагманы сырт алаңда Қазанның «Ақ Барс» командасына қарсы ойнайды.

Назарларыңызға «Барыс» - СКА (3:5) матчының бейнешолуын ұсынамыз

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie