Гол соғылған триллер: «Барыс» – СКА матчында сегіз шайба соғылды
«Барыс» Континентальды хоккей лигасының тұрақты чемпионатындағы екі матчтан тұратын үй сериясының соңғы ойынында санкт-петербургтік СКА командасын қабылдады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Астаналық команда «Нефтехимиктен» өз алаңында жеңілгеннен кейін (3:6) реабилитациялануға ниетті болғанымен, өз жанкүйерлері алдында бұл мақсатына жете алмады.
Алдыңғы кездесудегідей, Михаил Кравец шәкірттері алғашқы кезеңді толықтай сәтсіз өткізіп, 20 минуттан кейін үзіліске 0:3 есебімен «жанып» шықты.
Логвин екінші кезеңнің басында есеп айырмасын қысқартты. Алайда кейін алаң иелері тағы екі шайба өткізіп алды да, матч жеңімпазы іс жүзінде анықталды. Үшінші кезеңнің ортасында Симонов соққан шайба енді ештеңеге әсер ете алмады.
Осылайша, «Барыс» үй сериясын сәтсіз өткізіп, екі матчта да жеңіліс тапты. Астаналық команда 10 ұпаймен Шығыс конференциясында бесінші орында тұр. 30 қыркүйекте Кравец командасы сырт алаңда Қазанның «Ак Барс» клубына қарсы ойнайды.
«Барыс» (Астана) – СКА (Санкт-Петербург) 3:5 (0:3, 2:2, 1:0)
0:1 – Бардаков (Атанасов, Мироманов) – 00:56
0:2 – Плотников (Бардаков) – 06:22
0:3 – Плотников (Голдобин, Уилсон) – 15:38
1:3 – Логвин (Бритиков) – 21:54
1:4 – Глотов (Короткий, Мироманов) – 30:22 ГБ
1:5 – Глотов (Романов) – 31:56 ГМ
2:5 – Логвин (Дэй, Қайыржан) – 33:34 ГБ
3:5 – Симонов (Приски, Ляпунов) – 51:25
Қақпашылар: Шепард (Шутов, 30:22 – 60:00) – Плешков