ВИДЕО: Нұрқожа Қайпанов ЧМ-2026-ның күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық еркін күрес балуаны Нұрқожа Қайпанов Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің «алтыны» үшін өткен шешуші белдесуде қазақстандық спортшы Ресей өкілі Иналбек Шериевке 4:10 есебімен есе жіберді.
Осылайша, Қайпанов 2024 жылғы жетістігін қайталай алмады. Сол жылы ол алғаш рет әлем чемпионы атанған еді. Сондай-ақ оның еншісінде әлем чемпионаттарының күміс (2019) және қола (2025) медальдары, 2026 жылғы Азиаданың қола жүлдесі және Азия чемпионаттарының үш алтын медалі бар.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржыны өз алаңында өткен күрес бойынша әлем чемпионатының қорытындысы бойынша тағы төрт қола медальмен толықты. Әлем біріншілігінің қола жүлдегерлері: Исхар Курбаев (55 кг), Айдос Сұлтанғали (60 кг) және Бағдат Сабаз (67 кг). Әйелдер күресінде тағы бір қола жүлдені Зейнеп Баянова (50 кг) жеңіп алды.