Астанадағы 2026 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық балуандар қанша табыс тапты
1 қарашада Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан құрамасы ел аумағында өткен әлем чемпионатындағы өнерінің қорытындысы бойынша бір күміс және төрт қола жүлдеге ие болды.
Бұған дейін Қазақстанның күрес федерациясы мәлімдегендей, «алтын» медаль үшін 100 мың доллар; «күміс» жүлде үшін 50 мың доллар; «қола» медаль үшін 25 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.
Осылайша, Қазақстан құрамасы бір күміс және төрт қола медаль үшін жалпы сомасы 150 мың доллар болатын сыйақыға ие болды.
Еске салайық, Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалдық белдесуінде қазақстандық еркін күрес шебері Ресей өкілі Иналбек Шериевтен 4:10 есебімен жеңіліп қалды.
Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері: Исхар Құрбаев (55 кг), Айдос Сұлтанғали (60 кг) және Бағдат Сабаз (67 кг). Әйелдер күресінде тағы бір қола жүлдені Зейнеп Баянова (50 кг) жеңіп алды.