Испания футболындағы сұмдық! Ойыншы басына жасалған қатты соққыдан есінен танып қалды
Сенбі күні Испания Сегундасы аясында өткен «Альбасете» мен «Сабадель» арасындағы матчта нигериялық жартылай қорғаушы Куадри Лиамид Хосе Корпастың басына жасаған қуатты аяқ соққысынан кейін есінен танып қалды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Оқиға 42-минутта болды. Лиамид допты басымен қағып жіберуге тырысқан сәтте, «Альбасете» ойыншысы допқа аяғымен жетуге ұмтылған. Алайда Корпас доптың орнына қарсыласының басынан дәл теуіп, оны жерге құлатты.
Екі команданың медициналық қызметкерлері алаңға бірден жүгіріп шықты. Лиамид шөп үстінде қимылсыз жатты. Бірнеше ауыр минуттан кейін Карлос Бельмонте атындағы стадионға жедел жәрдем көлігі кіргізіліп, жартылай қорғаушы шұғыл тексерілу үшін ауруханаға жеткізілді.
Бақытымызға қарай, футболшы стадионнан шығарылмай тұрып есін жиды. Төреші қауіпті әрекеті үшін Корпасқа бірден қызыл қағаз көрсетті, бұл қимылдың кездейсоқ болғаны байқалды. «Альбасете» ойыншысы болған жағдайдан қатты күйзелді.
Кейін «Сабадель» көңіл қуантатын жаңалық жариялады. Медициналық тексеру ауыр жарақаттарды анықтамады, ал Лиамид сол түні ауруханадан шығарылды. Ол клубтың медициналық штабы мүшесінің сүйемелдеуімен «Сабадельге» оралды.
Айта кетейік, «Альбасете» алаңда он ойыншымен қалғанына қарамастан, матчта 2:1 есебімен жеңіске жетті.