Софья Сподаренко Исламиада-2025 додасында Қазақстанға жүзуден алтын сыйлады
Ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік атанды
Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Оlympic.kz
Қазақстандық Софья Сподаренко Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарының жеңіс тұғырында бірінші орынға көтерілді.
Спортшы жүзуден алтын медаль иеленді. Ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жарыста мәре сызығын 01:01.66 нәтижемен кесіп өтіп, барлығынан озып шықты.
Күміс жүлде түрік спортшысы Дефне Танигке бұйырды — 01:02.05. Қола медальді тағы бір түрік қызы Сехер Кая жеңіп алды — 01:02.42.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасының атынан сынға түскен Дайяна Даренская Сауд Арабиясындағы Исламиадада қола жүлдегер атанды. Осы ойындарда ауыр атлетикадан үш күміс медальді ел қоржынына Любовь Ковальчук салды.