locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дайяна Даренская Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері атанды

Шешуші айқаста ол турнир қожайынын жеңді
Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Оlympic.kz

Қазақстанның каратэ құрамасының өкілі Дайяна Даренская Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.

Қазақстандық спортшы 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

Даренская медаль үшін өткен жекпе-жекте Сауд Арабиясының намысын қорғаған, жергілікті жанкүйерлер қолдаған Марьям Альсалахты сенімді түрде жеңіп шықты.

Кеше ғана ауыр атлет Любовь Ковальчук Қазақстанға Исламиядада үш күміс медаль сыйлап, үш дүркін жүлдегер атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie