Сұлтанғали өз жеріндегі күрес әлем чемпионатында қола жүлде үшін белдесті
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан күрес әлем чемпионатында қола медаль үшін жұбаныш белдесуін өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.
60 келіге дейінгі салмақта Сұлтанғали «қола» үшін белдесуде 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, қытайлық балуан Цао Лигомен кездесті.
Өткен жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы өз елінде өтіп жатқан дода қорытындысы бойынша жүлдесіз қалған жоқ. Сұлтанғали «қола» үшін белдесуде 5:1 есебімен жеңіске жетіп, қола медаль иегері атанды.
Еске сала кетейік, 60 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалдық белдесуде Сұлтанғали Жапония өкілі Кото Гомиден жеңіліп қалған болатын. Кездесу жапон балуанының пайдасына 5:1 есебімен аяқталды.
Ширек финалда 2025 жылғы әлем чемпионы атанған Сұлтанғали Әзербайжан өкілі Мурад Маммадовты 4:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Асқар Құрбаев та Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.