Шайдоров Олимпиададағы «алтыннан» кейін мұз айдынына оралды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиададағы «алтыннан» кейін мұз айдынына оралды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Олимпиада чемпионы Ойындардағы тарихи триумфынан кейінгі алғашқы турниріне қатысты. Шайдоров Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан Challenger сериясындағы Ондрей Непела мемориалында қысқа бағдарламасын ұсынды.
Судьялар қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының өнерін 95,98 ұпайға бағалады. Қазіргі таңда Олимпиада чемпионы осы спорт түрі бойынша аралық есепте үшінші орында тұр.
Қазіргі таңда Шайдоров 101,16 ұпай жинаған ресейлік Евгений Семененко мен италиялық Даниэль Грассльден (99,10) қалып келеді.
Еске салайық, ақпан айында Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жекелей сында алтын медаль жеңіп алды. Ол бес төрттік секіріс орындалған еркін бағдарламасын мінсіз орындап, екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинады.
Михаил — Қазақстанның 1994 жылдан бергі қысқы Олимпиададағы алғашқы чемпионы әрі ел тарихындағы жекелей мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш чемпион.