Фьюри мен Джошуа таласатын титул жарияланды
Британдық бокс жұлдыздары Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуа арасындағы көптен күткен жекпе-жек ресми түрде чемпиондық айқас мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Беделді Ring Magazine журналы инсайдер Майк Коппинджерге сілтеме жасап хабарлағандай, ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпиондары арасындағы жекпе-жекте аса ауыр салмақтағы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы сарапқа салынады. Екі боксшы үшін де бұл әлем чемпионы мәртебесін қайтаруға тамаша мүмкіндік болмақ.
Еске салайық, бұл айтулы бокс кеші 2026 жылдың 11 желтоқсанына ресми түрде жоспарланған. Жекпе-жек Кардиффтегі «Принсипалити» стадионында өтеді, ал Netflix стримингтік сервисі әлем көрермендеріне тікелей трансляция ұйымдастырады.
Қазіргі таңда ауыр салмақтағы Ring нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуі Александр Усикке тиесілі, ал WBA-ның тұрақты титулы Мұрат Ғассиевте. Фьюри мен Джошуаның ресми бірлескен баспасөз мәслихаты 30 қыркүйекте Лондонда өтеді.
Айта кетейік, 38 жастағы Фьюридің еншісінде 36 жеңіс (25-і нокаутпен), 2 жеңіліс және 1 тең нәтиже бар. Британдық боксшы 2026 жылдың сәуірінде өткен соңғы жекпе-жегінде Арсланбек Махмұдовты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Ал 36 жастағы Джошуаның 30 жеңісі (27-сі нокаутпен) және 4 жеңілісі бар. Ол соңғы жекпе-жегінде 2025 жылдың желтоқсанында Джейк Полды нокаутқа түсірді.
Бұған дейін WBC Нұрсұлтановқа әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек тағайындағаны хабарланған болатын.