Самоделкина «Денис Тен мемориалындағы» өнер көрсетуіне пікір білдірді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина «Денис Тен мемориалындағы» өнер көрсетуіне пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Алматыдағы бағдарлама қорытындысы бойынша қола медаль жеңіп алды.
«Біраз қиын болды, бірақ жалпы алғанда бәрі қалыпты. Бұл ең қиын прокат емес. Әрине, борттардың айтарлықтай кішірек болуы қатты қысым жасайды. Бұл тек маған ғана емес – қазір бір қыз бортқа жақын жерде үштік аксель орындап, сол үшін минус алды. Бірақ бұл – жұмыс барысындағы мәселе, біз кез келген жағдайға дайын болуымыз керек».
Мен екінші күн қатарынан шок жағдайындамын. Адамдар қолдау көрсетіп, айқайлап жатыр, ал мұзға шыққан кезде өзіңді керемет көтеріңкі көңіл күйде сезінесің. Осы адамдардың барлығы – сенің қолдауың, энергияң және күшің. Солардың көмегімен сырғанайсың. Спортшылар үшін бұл өте керемет, айрықша мотивация береді әрі күш қосады».
Бағдарламаның техникалық жағын бағалай отырып, Самоделкина лутцты орындау кезіндегі қателігіне қатысты өзіне сын көзбен қарап, жаттықтырушысы Рафаэль Арутюнянмен жұмысы туралы айтып берді:
Жалпы, қанша дайындалсам, сонша орындадым. Лутцпен әлі де жұмыс істеу керек, бұл – барынша ақымақ қате. Енді оны 100 рет емес, 102 рет секіруім керек болады (күледі). Біз секіру керек болатын доғаны өзгертіп жатырмыз. Рафаэль Владимирович екеуіміз қарқынға сәл ілесе алмай жүрген шығармыз. Демек, біраз күш салуым керек. Жалпы алғанда, алғашқы старт үшін жақсы прокат болды.
Жоқ, осы «бабочкадан» кейін жалғастыру қиын болған жоқ. Сол сәтте: «Бабочка жасап қойдым, енді не істеймін?» деп ойлап үлгермейсің. Бірден ойланып, осы каскадты қай жерге қосуға болатынын іздей бастайсың. Мен флип-тулуп орындадым, бұл каскадты өткен маусымнан бері пысықтап жүрмін», - деп Самоделкинаның сөзін Meta-ratings.kz басылымы келтіреді.
Еске сала кетейік, Алматыда өткен «Денис Тен мемориалы»-2026 жарысының әйелдер арасындағы турнирінде Олимпиаданың күміс жүлдегері Александра Игнатова (Трусова) жеңіске жетті.
Айта кетейік, Denis Ten Memorial Challenge-2026 жарысы Алматыдағы Halyk Arena-да 7-10 қазан аралығында өтуде. Биылғы бәсекелер сегізінші рет ұйымдастырылып отыр және 2026/27 жылғы маусымдағы ISU Challenger Series сериясына кіреді.