locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ризабек Айтмұхан Астанада өтетін әлем чемпионатында белдеседі: Қазақстан құрамасы жарияланды

Қазақстан 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада өтетін күрестен әлем чемпионатына қатысатын құрамын анықтады
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Ризабек Айтмұхан Астанада өтетін әлем чемпионатында белдеседі: Қазақстан құрамасы жарияланды
ФОТО: olympic.kz

Астана биыл күрес әлемінің басты орталықтарының біріне айналады. Қазақстан өз жерінде өтетін әлем чемпионатында үш олимпиадалық бағдарлама бойынша - еркін, грек-рим және әйелдер күресінен толық құраммен сынға түседі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жанкүйерлердің назары әсіресе 97 келіде белдесетін Ризабек Айтмұханға аумақ. Бұл салмақта қазақстандық балуанға турнирдегі ең мықты қарсыластардың бірқатары кезігуі мүмкін.

Алдын ала қатысушылар тізімінде 97 келіде Олимпиада және әлем чемпиондары Абдулрашид Садулаев, Кайл Снайдер, Ахмед Тажудинов пен Хасан Яздани, сондай-ақ Гиви Матчарашвили және Магомедхан Магомедов бар. Сондықтан Айтмұханның Астанадағы жүлдеге апарар жолы әлемдік күрестің ең танымал балуандарымен тартысқа толы болуы ықтимал.

Ризабек үшін үйдегі әлем чемпионатының маңызы ерекше. Ол 2023 жылы Белградта 92 келіге дейінгі салмақта топ жарып, еркін күрестен ересектер арасында әлем чемпионы атанған Қазақстан тарихындағы алғашқы балуан болды. Сол кезде 19 жастағы Айтмұхан финалда әзербайжандық Осман Нурмагомедовты 6:2 есебімен жеңген еді.

Еркін күрес

Қазақстан құрамасына Мейрамбек Картбай (57 кг), Асыл Айтақын және Нұрданат Айтанов (61 кг), Осимжан Дастанбек (65 кг), Санжар Досжанов (70 кг), Нұрқожа Қайпанов (74 кг), Шамсат Таир (79 кг), Болат Сақаев (86 кг), Азамат Дәулетбеков (92 кг), Ризабек Айтмұхан (97 кг) және Едіге Қасымбек (125 кг) енді.

Әйелдер күресі

Қазақстан намысын Зейнеп Баянова (50 кг), Айнұр Әшімова (53 кг), Лаура Алмағанбетова (55 кг), Нилуфар Раймова (57 кг), Алтын Шағаева (59 кг), Ирина Кузнецова (62 кг), Бейбіт Сейдуалы (65 кг), Ирина Казюлина (68 кг), Жәмилә Бақбергенова (72 кг) және Гүлмарал Еркебаева (76 кг) қорғайды.

Грек-рим күресі

Құрама сапында Алпамыс Дастанбек (55 кг), Ербол Камалиев (60 кг), Дәулет Әшірханов (63 кг), Дін Қошқар (67 кг), Николай Хапко (72 кг), Қаһарман Қисыметов (77 кг), Диас Кален (82 кг), Тимур Оспанов (87 кг), Иуссуф Матсиев (97 кг) және Әлімхан Сыздықов (130 кг) өнер көрсетеді.

Әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында «Барыс Аренада» өтеді. Астана бұл жарысты 2019 жылдан кейін екінші рет қабылдайды.

Биылғы әлем біріншілігіне 60-тан астам елден 800-ден аса спортшы қатысады деп күтілуде. Сондықтан Қазақстан құрамасын өз жерінде аса жоғары бәсеке күтіп тұр.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie