locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Қазақстан дзюдошылары алғашқы күні төрт медаль жеңіп алды

Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Qazaqstan Barysy Grand Slam: Қазақстан дзюдошылары алғашқы күні төрт медаль жеңіп алды
ФОТО: KazJude

Астанада басталған беделді Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 халықаралық турнирінің алғашқы күні қазақстандық спортшылар үшін табысты өтті. Ел намысын қорғаған дзюдошылар екі күміс, екі қола медаль еншілеп, жанкүйерлерін қуантты.

66 келіге дейінгі салмақта белдескен тәжірибелі Ғұсман Қырғызбаев пен 60 келіге дейінгі салмақтағы жарыс дебютанты Талғат Орынбасар финалға дейін жетіп, екеуі де күміс жүлдегер атанды. Қырғызбаев финалда Рамазан Абдуллаевқа жол берді. Ал Орынбасар жарыстың жаңалығына айналып, шешуші белдесуде Изнаур Сааевтан ғана жеңілді.

60 келіде тағы екі қазақстандық - Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжан - қола медальға ие болды. Өткен жылғы Qazaqstan Barysy турнирінің чемпионы Шамшадин жартылай финалда Сааевқа есе жібергенімен, үшінші орын үшін белдесуде франциялық Жин Энсоны сенімді жеңді. Ал Аман Бақытжан Олимпиада күміс жүлдегері Ян Юнвэйді жарыстан шығарып, қола жүлде үшін белдесуде корейлік Ли Харимді жеңіп, өз атын танытты.

Айта кетейік, Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі 11 мамырға дейін жалғасады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie