Месси 2026 жылғы «Алтын доптың» басты фавориті атанды
Статистикалық WhoScored порталы маусымдағы орташа бағаларына сүйене отырып, 2026 жылғы «Алтын допқа» үміткер 30 футболшының рейтингін жариялады. Тізімді «Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси бастап тұр, деп хабарлайды Sports24.kz.
39 жастағы аргентиналық нәтижелі маусым өткізіп, 2026 жылғы әлем чемпионатында да жарқырай өнер көрсетті. Аргентина құрамасымен бірге турнир финалына дейін жетіп, сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.
WhoScored нұсқасы бойынша Месси әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы атанып, орташа 8,82 бағасын алды.
WhoScored нұсқасы бойынша 2026 жылғы «Алтын доптың» үздік бестігі:
- Лионель Месси («Интер Майами» / Аргентина) — 8,28;
- Ламин Ямаль («Барселона» / Испания) — 8,23;
- Харри Кейн («Бавария» / Англия) — 8,14;
- Килиан Мбаппе («Реал Мадрид» / Франция) — 7,70;
- Эрлинг Холанд («Манчестер Сити» / Норвегия) — 7,53.
Месси «Алтын допқа» 17-рет ұсынылды
Месси үшін биылғы номинация мансабындағы 17-сі болды. Бұл көрсеткіш бойынша аргентиналық тек 18 номинациясы бар Криштиану Роналдудан ғана кейін тұр.
Сонымен қатар 39 жастағы Месси «Алтын допқа» алғаш және соңғы рет номинация алған аралық 20 жылды құрайтын тарихтағы алғашқы футболшы атанды.
Месси — жүлде саны бойынша рекордсмен
Аргентиналық шабуылшы мансабында сегіз рет «Алтын доп» иегері атанды. Ол бұл жүлдені 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021 және 2023 жылдары жеңіп алған.
2026 жылғы «Алтын доп» марапаттау рәсімі 26 қазанда Англияның Лондон қаласында өтеді.