Қола жүлделер легі жалғасуда: Қазақстан Универсиада-2025 турнирінде алтыншы медальға қол жеткізді
Қазақстан құрамасы Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы Жазғы Бүкіләлемдік Универсиадада алтыншы медальға ие болды.
Кезекті жетістікті елге таэквондо шебері Бейбарыс Қаблан сыйлады – ол 87 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.
Бұл – Қазақстан үшін осы Универсиададағы алтыншы қола медаль. Бұған дейін дәл осындай жүлдені таэквондошылар Нодира Ахмедова (49 кг дейін), Тамерлан Тлеулес (58 кг дейін), Батырхан Төлеуғали (80 кг дейін), Дамир Шүленов (68 кг дейін), сондай-ақ көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы жеңіп алған болатын.
XXXII Жазғы Универсиада 16–27 шілде аралығында Германияның Рейн-Рур аймағында өтуде. Жарыстар бірнеше қалада – Бохум, Дуйсбург, Эссен, Мюльхайм-ан-дер-Рур, Хаген және Берлиннің бір бөлігінде ұйымдастырылған.
Сондай-ақ Темірлан Тілеулес Универсиадада Қазақстанға төртінші медальді сыйлады.