Азиада ойындарының төртінші күнінен кейін Қазақстан медальдар есебінде нешінші орында
Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының төртінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Төртінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар 7 медаль жеңіп алды, оның 1-еуі — алтын. Алексей Луценко велоспорттан ең жоғары дәрежелі жүлдеге ие болды.
Кристина Морозова мен Евгений Федоров жеңіл атлетика және велоспорттан сәйкесінше күміс медаль жеңіп алды. Қола жүлдеге стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы, стенд атудан Асем Орынбай, семсерлесуден Артем Саркисян, сондай-ақ ушу-саньдадан Алижан Аблагатов ие болды.
Төрт жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 19 медаль бар, ал жалпы медальдар есебінде еліміз төртінші орында тұр.
Медальдар есебінде 78 жүлде жеңіп алған Қытай көш бастап келеді — 48 алтын, 20 күміс және 10 қола. Екінші орында Жапония тұр — 15 алтын, 25 күміс және 27 қола медаль. Үшінші орында Оңтүстік Корея (сегіз алтын, сегіз күміс және 25 қола жүлде).
Өзбекстан спортшыларының қоржынында 10 жүлде бар, оның біреуі — алтын. Бұл ел есепте 14-орында.
Еске сала кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 558 спортшы өнер көрсетіп, спорттың 35 түрінен медаль үшін бақ сынауда.
Ешбір турнирден қапы қалмауыңыз үшін, Beeline үй интернеті тиімді бағамен 24 сағатта қосылады.
