locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық дзюдошылар Азия ойындарында үш медаль жеңіп алды

Әділет Алмат пен Ажар Асхат финалда жеңіліп, күміс медаль иеленсе, Эсмигүл Қуюлова қола жүлдеге қол жеткізді
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Қазақстандық дзюдошылар Азия ойындарында үш медаль жеңіп алды
ФОТО: НОК РК

Қазақстан құрамасының дзюдошылары Аичи және Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

81 келіге дейінгі салмақта өткен финалда Әділет Алмат жапониялық спортшы Сотаро Фудзиварамен кездесті. Белдесуде жапониялық дзюдошы жеңіске жетті.

Ал Ажар Асхат 70 келіге дейінгі салмақтағы шешуші кездесуде жапониялық Рин Маэдаға қарсы татамиге шықты. Жапония өкілі басым түсіп, жеңіске жетті.

Ал Эсмигүл Қуюлова 63 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін Өзбекстан өкілі Маржона Нуруллоеваға қарсы кездесті. Қосымша уақытта Эсмигүл «ваза-ари» бағасын алып, жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстанның дзюдодан Азия ойындарындағы медальдар саны 5-ке жетті. Бұған дейін күміс жүлдені Абиба Әбужақынова мен Елдос Сметов жеңіп алған еді.

Елдос Сметов 2026 жылғы Азия ойындарындағы күмістен кейінгі басты мақсатын атады

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie