locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

WBC Мейірім Нұрсұлтановтың титулдық жекпе-жегін ресми растады

19 қыркүйекте Нұрсұлтанов ұзақ үзілістен кейін алғашқы жекпе-жегін өткізіп, WBC-нің уақытша чемпиондық титулын жеңіп алуға мүмкіндік алады.
фото: instagram/kazakhboxing

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы уақытша титул үшін өтетін алдағы жекпе-жекті ресми түрде растады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC-нің уақытша чемпионы Хесус Рамос-кішімен кездеседі. Жекпе-жек 19 қыркүйекте АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында өтеді.

Нұрсұлтанов үшін бұл кездесу үш жылға жуық уақыттан кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Қазақстандық боксшы соңғы рет 2023 жылдың қарашасында рингке шығып, чилилік Хулио Аламосты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген.

Бұл жеңіс Нұрсұлтановтың кәсіпқой мансабындағы қатарынан 20-шы жеңісі болды.

Ал Рамос 2025 жылдың соңында Шейн Мосли-кішіді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, WBC-нің уақытша титулын иеленген.

Осылайша, 19 қыркүйекте Нұрсұлтанов ұзақ үзілістен кейін алғашқы жекпе-жегін өткізіп, орта салмақтағы WBC-нің уақытша чемпиондық титулын жеңіп алуға мүмкіндік алады.

Бұған дейін америкалық боксшы Хесус Рамос-кіші жеңіліп көрмеген қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен өтетін жекпе-жек туралы пікір білдірген. Америкалық боксшы Нұрсұлтановты өз мансабындағы ең қиын қарсылас деп санамайтынын айтқан. Ол мысал ретінде Владимир Эрнандес, Джейсон Розарио және Шейн Мосли-кішімен болған жекпе-жектерін келтірді.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie