locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан Азиада-2026-ның екінші күнінен кейін үздік төрттікте қалды: Өзбекстан нешінші орында?

Қазақстан үздік төрттіктегі орнын сақтап қалды, Өзбекстан Азиада-2026-да алғашқы ондыққа көтерілді
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Қазақстан Азиада-2026-ның екінші күнінен кейін үздік төрттікте қалды: Өзбекстан нешінші орында?
ФОТО: olympic.kz

Аичи мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының екінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесіндегі төртінші орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар ел қоржынына тағы екі жүлде қосты. Каратэден 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Асель Қанай күміс медаль иеленді. Финалда қазақстандық спортшы Қытай өкілі Гун Лиге 2:8 есебімен жол берді. Ал Санжар Әділов ММА-дан traditional дисциплинасында 65 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстанның еншісінде сегіз медаль бар: төрт алтын, бір күміс және үш қола. Төрт алтынның барлығы жарыстың алғашқы күнінде жеңіп алынды. Велошабандоздар Алексей Луценко мен Рината Сұлтанова, сондай-ақ каратэшілер Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева Азия ойындарының чемпионы атанды.

Жалпы медальдар кестесінде Қытай көш бастап тұр. Қытай спортшылары 23 алтын, 10 күміс және бес қола жүлде иеленді. Сегіз алтынмен Жапония екінші орында тұрса, бес алтын алған Корея Республикасы үшінші сатыға жайғасты. Төрт алтын медалі бар Қазақстан төртінші орында келеді.

Екінші жарыс күнінде Өзбекстан да медальдар кестесіндегі жағдайын айтарлықтай жақсартты. Көрші елдің спортшылары бір күнде екі жүлде жеңіп алды. Каратэші Абдулваххоб Рашидов 67 келіге дейінгі салмақтың финалында жапониялық Юго Козакиді 7:5 есебімен жеңіп, Өзбекстанға Азиададағы алғашқы алтынды сыйлады.

ММА бәсекесінде Нодирбек Шавкатов қола жүлдеге ие болды. Ол modern дисциплинасында 71 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында қазақстандық Қадырбек Шынбаевқа 0:3 есебімен есе жіберді.

Енді Өзбекстан қоржынында үш медаль - бір алтын, бір күміс және бір қола бар. Алғашқы жарыс күнінен кейін 16-орында тұрған Өзбекстан екінші күннің қорытындысында тоғызыншы орынға көтеріліп, Мьянмамен бір сатыны бөлісіп тұр.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie