УЕФА Инфантинодан Қазақстанға 10 миллион доллар талап етті
УЕФА мен КОНКАКАФ әлемдік футболдың басты ұйымы өз кірістерінен түсетін артық қаражатты 211 ұлттық қауымдастықтың әрқайсысына бөлуді талап етіп, ФИФА-ға хат жолдады, деп хабарлайды Sports24.kz.
talkSport басылымының қолына түскен ұйымдар хатында еуропалық және солтүстікамерикалық конфедерациялар ФИФА 2023-2026 жылдар аралығындағы циклді алты миллиард доллар резервпен аяқтайтынына назар аударған. Бұл қаражат ФИФА-ға өз жобаларын демеушілердің қолдауынсыз дербес қаржыландыруға толық жеткілікті.
Сондықтан 15 қазанда Цюрихте өтетін ФИФА кеңесінің отырысы қарсаңында УЕФА мен КОНКАКАФ басқа конфедерацияларды 2027-2030 жылдар аралығындағы циклде үш жыл ішінде әр федерацияға он миллион доллардан бөлу идеясын қолдауға көндіруге тырысып жатыр.
Алдын ала есептеулер бойынша, федерацияларды қаржыландырудың жоспарланған көлемін қоса алғанда, бұл бастамаға екі миллиард доллардан сәл астам қаражат қажет болады. Бұл сома ФИФА үшін сыртқы қаржыландыру тартпай-ақ төлеуге әбден қолжетімді.
