Жанкүйерлер Головкиннің Азия ойындарынан жарияланған фотоларынан кейін алаңдаушылық білдірді
Халықаралық World Boxing ұйымы президенті Геннадий Головкиннің 2026 жылғы Жазғы Азия ойындарына келіп жеткен сәтінен фото жариялады. Алайда аты аңызға айналған GGG-дің сыртқы келбеті атақты боксшының жанкүйерлерін алаңдатып қойды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жанкүйерлер фотолардан Головкинді бірден тани алмай, оның сыртқы келбетінде болған елеулі өзгерістерге назар аударды.
Дегенмен жанкүйерлердің кейбірі World Boxing ресурстарына жауапты мамандар фотолардың сапасын жақсарту үшін жасанды интеллект қолданған болуы мүмкін деп топшылады:
- Меніңше, бұл — GGG-дің сыңары, әсіресе бірінші суреттегі адам мүлде Гена емес.
- Фотосуретті жақсарту үшін оны жасанды интеллект арқылы өңдеген сияқты.
Басқалары Головкиннің қысқа шаш үлгісі сыртқы келбетінің осылай күрт өзгеруіне себеп болды деп есептеп, GGG-ге шашын қайта өсіруге кеңес берді:
«Шашыңды бекер отырғыздың, бауырым, біз сені енді танымай қалдық».
- Сондай-ақ оқыңыз: 21 қыркүйектегі Азия-2026 ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
Десе де, көпшілік атақты боксшының сыртқы келбетіне жастың әсері тиіп жатқанымен келісті:
«Қартайып кеткен бе?»
«Гена өзгеріп, қартайып қалыпты» — деп жанкүйерлер Instagram әлеуметтік желісіндегі жарияланымның астындағы пікірлерде түйіндеді.
Еске салайық, 21 қыркүйекте Азия ойындарында бокс турнирі басталады. Головкиннің Жапониядағы жарыс өтетін орынға келуіне де осы себеп болып отыр.