Қазақстан алғаш рет суға жүзуден әлем Кубогының кезеңін қабылдайды – Баландин маңызды жаңалықпен бөлісті
Олимпиада чемпионы 2026 жылғы турнирдің Астанада өтетінін мәлімдеді
Басқа спорт түрлері
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: olympic.kz
Олимпиада чемпионы, су спорт түрлері федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин 2026 жылы суға жүзуден әлем Кубогының бір кезеңі Қазақстанда өтетінін ресми түрде жариялады. Бұл туралы ол Сингапурда өткен World Aquatics конгресінде Матч ТВ арнасына берген сұхбатында айтты.
2026 жылғы әлем Кубогы «Жібек жолы» атауымен өтеді және үш елді қамтиды: Әзербайжан, Өзбекстан және Қазақстан.
«Кубок кезеңдері қысқа су жолында (25 метр) өтеді. Қазақстандағы кезең қазан айында Астанада ұйымдастырылады», – деді Дмитрий Баландин.
Бұл Қазақстан тарихындағы суға жүзуден әлем Кубогының алғашқы кезеңі болмақ.
Олимпиадалық үміт: Софья Самоделкина АҚШ-тағы беделді турнирге қатысады.