Олимпиадалық үміт: Софья Самоделкина АҚШ-тағы беделді турнирге қатысады
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 2026 жылғы Олимпиада алдында рейтинг үшін күресін жалғастырады
Басқа спорт түрлері
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстанның ең үздік мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина 7–10 тамыз аралығында АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Норвуд қаласында өтетін ISU Cranberry Cup International 2025 халықаралық турниріне қатысады. Бұл туралы ISU-дың ресми сайты хабарлады.
Бұрын Ресей атынан шыққан спортшы биыл Төрт құрлық чемпионатында жетінші орын алып, әлем чемпионатында 14-орынға табан тіреп, 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға жолдама иеленді. Сонымен қатар, ол Қазақстан Спартакиадасының жеңімпазы атанып, маусым қорытындысы бойынша ISU рейтингінің топ-20 қатарына енді.
Самоделкина үшін бұл жарыс — Олимпиада қарсаңындағы маңызды дайындық кезеңдерінің бірі.