locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Асаубаеваға қатысты дау жалғасын тапты: әйгілі шахматшы ұйымдастырушыларды қос стандарт ұстанды деп айыптады

Америкалық гроссмейстер Ханс Ниманн қазақстандық Бибісара Асаубаеваға қарсы ойнаудан бас тартқан Магнус Карлсеннен кейін Total Chess турнирін ұйымдастырушыларды сынға алды.
Басқа спорт түрлері
Асаубаеваға қатысты дау жалғасын тапты: әйгілі шахматшы ұйымдастырушыларды қос стандарт ұстанды деп айыптады
Фото: Инстаграм

Америкалық шахматшы Ханс Ниманн Будапештте өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирін ұйымдастырушыларды қатаң сынға алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұған норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсеннің Қазақстан өкілі Бибісара Асаубаеваға қарсы соңғы партияны ойнаудан бас тартуы себеп болды.

Карлсен қарсыластар арасындағы текетірестің бірінші күні-ақ жеңісін мерзімінен бұрын қамтамасыз етіп, содан кейін жылдам классика форматындағы соңғы партияға шықпады. Норвегиялыққа техникалық жеңіліс есептелді, алайда төрешілер тарапынан қосымша санкция қолданылған жоқ.

Ниманн ұйымдастырушылардың атақты шахматшыға ерекше көзқарас танытқанын айтты.

«Матч мерзімінен бұрын аяқталғаннан кейін де партияларды есепке алу мүмкіндігі талқыланып, техникалық кеңесте келісілген еді. Егер Карлсен рейтингі жоғарырақ қарсыласымен ойнаса, бәлкім, ойынды жалғастыруға ынтасы артар ма еді», — деп жазды америкалық X әлеуметтік желісінде.

Гроссмейстер Карлсеннің бас тартуының салдары бұдан да қатаң болмағанына наразылық білдірді.

«Кез келген басқа қатысушы ұйымдастырушылар мен қарсыласын құрметтемей, ойнаудан бас тартса, бүкіл матчта техникалық жеңіліс берілер еді. Бір ойыншыға әлі де ерекше көзқарас танытылып отырғаны қатты қынжылтады. Шахматшының мәртебесіне қарамастан, барлық ереже бірдей қолданылуы керек», — деп атап өтті Ниманн.

Жарыстың бас төрешісі Анастасия Сорокина бұған дейін жекелеген партияға келмегені үшін техникалық жеңіліс берілетінін түсіндірген болатын. Ал қаржылық санкция қолдану-қолданбау мәселесі ұйымдастырушылардың құзыретіне жатады.

Total Chess басшысы Кьелль Мадланд жарыс ережелері барлық қатысушыға бірдей екенін мәлімдеді.

Будапешттегі турнир блиц, рапид және жылдам классика ойындарын біріктіретін эксперименттік форматта өтуде. Оның нәтижелері Халықаралық шахмат федерациясының тиісті рейтингтерінде есепке алынады.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie