locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Дияр бұрынғы қалпына келді»: қазақстандық маман UFC-дің Қатардағы турнирі алдында Нұрғожайдың ілгерілеуіне баға берді

21 қарашада Дохада (Қатар) UFC Fight Night турнирі өтеді. Онда қазақстандық жауынгер Дияр Нұрғожай ұйымдағы бесінші жекпе-жегін өткізеді.
Эксклюзивтер
Фото: Getty Images

Жекпе-жек қарсаңында Saq Pro Team командасының бас бапкері Дәулет Нұрланұлы Sports24.kz тілшісіне берген сұхбатында Нұрғожайдың соңғы өнеріне баға беріп, қазақстандықпен қалай танысқанын айтып, алдағы айқастың фаворитін атады.

«Ол біз білетін баяғы Диярға қайта ұқсай бастады»

Нұрланұлының пікірінше, соңғы екі жекпе-жегінде Нұрғожай айтарлықтай ілгерілеу көрсетіп, Eagle FC және Alash Pride сапында өнер көрсеткен кездегі деңгейіне қайта орала бастаған.

«Соңғы екі жекпе-жегінде Дияр жақсы өнер көрсетті. Ол Eagle FC және Alash Pride сапында өнер көрсеткен баяғы Диярға қайта оралғандай әсер қалдырады. Мен оны көптен бері білемін. Бір залда жаттықтық, бір құрама атынан өнер көрсеттік, әуесқойлар жарыстарынан бері таныспыз. Сондықтан оның неге қабілетті екенін жақсы білемін әрі қазір жеңістер сериясын жалғастырып жатқанына қуаныштымын», - деді Нұрланұлы.

«Дияр – фаворит, мерзімінен бұрын жеңе алады»

Бапкер Нұрғожайдың қазіргі дайындығына да тоқталды. Оның айтуынша, қазақстандық ауыр салмақта өнер көрсететін Саид Сапаровпен бірге жаттығып жүр. Нұрланұлы бұл әріптестік Диярдың алдағы жекпе-жекке дайындығына оң әсер етеді деп санайды.

«Қазір ол ауыр салмақта өнер көрсететін Саид Сапаровпен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жаттығу барысында екеуі бір-бірін жақсы толықтырады.

Бұл жекпе-жекте фаворит Дияр болады деп ойлаймын. Мүмкіндік туса, ол айқасты мерзімінен бұрын аяқтай алады», - деп түйіндеді маман.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie