Месси Аргентина футболының басшылығымен жанжалға түсті
Аргентиналық аңыз футболшы Лионель Месси Аргентина футбол қауымдастығының (AFA) басшылығымен жанжалдың ортасында қалды, деп хабарлайды Sports24.kz аргентиналық A24 телеарнасына сілтеме жасап.
Журналист Николас Виньяскидің мәліметінше, Месси федерация президенті Клаудио Тапия мен ұйымның қазынашысы Пабло Товиггинонан алшақтауды ұйғарған. Футболшының өкілдері оның есімі мен бейнесін тиісті келісімсіз коммерциялық жобаларда пайдалануды тоқтатуды талап етпек.
Келіспеушіліктің бір себебі — Мессидің бейнесі пайдаланылған аргентиналық сыра брендінің жарнамалық науқаны. Ал футболшының америкалық Michelob сыра өндірушісімен эксклюзивті келісімі бар. Бұл жағдай аргентиналықтың коммерциялық серіктестерінің сұрақ туғызуына себеп болды.
Ұлттық құраманың жолдастық кездесулерін ұйымдастыруға қатысты жайттар да наразылық тудырған тағы бір себеп болды. Аргентиналық БАҚ-тың мәліметінше, туындаған келіспеушіліктер футболшы мен оның айналасындағылардың мүддесіне әсер еткен.
Мессидің өкілдері федерацияға ресми заңды ескерту жолдауға дайындалып жатқаны хабарланды. Алайда құжаттың жіберілгені әзірге көпшілік алдында расталған жоқ.
Туындаған жанжалға қатысты футболшының өзінен ресми түсініктеме түскен жоқ.