Айдос Сұлтанғали Астанада өтетін әлем чемпионатына қатысу туралы шешім қабылдады
Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали Астанада өтетін грек-рим күресінен әлем чемпионатына қатысу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Sportbugin.kz мәліметінше, әлем чемпионы Қазақстан астанасында өтетін әлем біріншілігінде 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.
- Сондай-ақ оқыңыз: Бакудегі татамидегі сұмдық: жұлдызды чемпион қыз құлағаннан кейін ауруханаға жеткізілді
Бұған дейін United World Wrestling (UWW) ресми сайтында Астанада өтетін грек-рим күресінен әлем чемпионатына қатысушылардың тізімі жарияланған болатын. Бастапқыда 60 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан Ербол Камалиев көрсетілген еді.
Алайда дереккөздің мәліметінше, Сұлтанғали өзі ел намысын отандық әлем біріншілігінде қорғайтынын растаған. Күрес түрлерінен әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді.
Қазақстанның бастапқы өтінімінде күрес құрамасының тағы бір супер жұлдызы Демеу Жадыраевқа да орын табылмады. Республикалық федерация бұл мәселеге қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ