locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚПЛ клубында ойыншыларға жалақы бойынша берешек туралы пікір білдірді

Талдықорғандық «Жетісу» төлемдердің кешігуіне түсініктеме берді
ФОТО: «Жетысу»

Талдықорғандық «Жетісу» футболшыларға жалақы төлемдерінің кешігуіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Клуб бұған дейін төлемдердің кешігуі қажетті заңды рәсімдердің жүргізілуіне байланысты болғанын түсіндірді. Қазіргі уақытта футболшыларға тиесілі барлық төлем толық көлемде жүзеге асырылды. Клубтың ойыншылар алдындағы бұрынғы барлық қарызы өтелді.

«Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде футболшыларға төлемдердің кешігуіне қатысты жарияланған ақпаратқа байланысты «Жетісу» футбол клубы төмендегіні хабарлайды.

Бұған дейін орын алған төлемдердің кешігуі жан-жақты құқықтық талдауды, келісуді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарын сақтай отырып, тиісті шешімдер қабылдауды қажет еткен заңды рәсімдердің жүргізілуіне байланысты болды.

Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Футбол клубы „Жетісу“» қоғамдық қоры басшылығының бірлескен жұмысының нәтижесінде туындаған барлық мәселе реттеліп, қажетті заңды рәсімдер толық аяқталды.

Қазіргі уақытта футболшыларға тиесілі барлық төлем толық көлемде жүзеге асырылды. Клубтың бұрын қалыптасқан берешек бойынша қаржылық міндеттемелері толық орындалды», — делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында «Жетісудің» бюджеттік қаржыландырудың қысқаруына байланысты дағдарысқа тап болғаны туралы ақпарат тараған еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie