locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«ЖИ контентінен мезі болдым»: Волков UFC-де титулдық жекпе-жекке өзгеше тәсілмен қол жеткізуді талап етті

Ресейлік ауыр салмақтағы файтер Александр Волков чемпиондық белбеу үшін таласқа түсуге UFC басшылығының назарын аудару үшін өз суретін жариялады.
ММА
Фото: UFC

UFC рейтингіндегі ауыр салмақтың екінші нөмірі Александр Волков чемпиондық мақсаттарын ерекше тәсілмен тағы бір еске салды. Ресейлік файтер әлеуметтік желіде ұйым басшылығына арнаған суретін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Суретте спортшы айға қарап ұлыған қасқырды салып, жанына UFC чемпиондық белбеуін бейнелеген. Волков өз туындысына жасанды интеллект жасаған контенттің танымалдылығын әжуалаған ирониялық жазба қосты.

«ЖИ контентінен мезі болдым. Титулдық жекпе-жек сұраймын! Өзім салған сурет арқылы!» — деп жазды файтер.

Осылайша, 38 жастағы ресейлік файтер UFC президенті Дана Уайттың назарын тағы да өзіне аударуға тырысты. Сәтті өнер көрсетіп жүргеніне қарамастан, Волков ұйымның чемпиондық белбеуі үшін айқасуға әлі мүмкіндік алған жоқ.

Оның соңғы жекпе-жегі 24 қазанда Әбу-Дабиде өткен UFC 333 турнирінде болды. Ресейлік отандасы Ризван Куниевті төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. Бұл оның қатарынан тіркеген үшінші жеңісі еді.

Ал ауыр салмақтағы келесі титулдық жекпе-жек әлдеқашан белгіленіп қойды. Жергілікті уақыт бойынша 14 қарашада Нью-Йоркте өтетін UFC 334 турнирінде чемпион Сирил Ган жеңіліс көрмеген америкалық Джош Хокитпен кездеседі.

Бір қызығы, Хокит UFC-дегі дебютін тек 2025 жылы жасады, ал Волков ұйым сапында өнер көрсетіп жүргеніне он жыл болды.

Бұған дейін ресейлік файтер титулдық мүмкіндік берілмей жатқанына бірнеше рет наразылық білдірген. Енді ауыр салмақтағы спортшы әзіл мен өз шығармашылығы арқылы жұрттың назарын өзіне аударуды ұйғарды.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie