locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

23 жылда алғаш рет: әлемдік футбол Месси мен Роналдусыз қалды

Қарашадағы ұлттық құрамалар матчтарына арналған үзіліс жиырма жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет екі аңыз футболшысыз өтеді.
Футбол
23 жылда алғаш рет: әлемдік футбол Месси мен Роналдусыз қалды
Фото: Getty Images

Әлемдік футбол жаңа дәуірге қадам басып отыр. 2003 жылдан бері алғаш рет халықаралық үзіліс ұлттық құрамалардағы мансабын аяқтаған Лионель Месси мен Криштиану Роналдусыз өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Тарихи оқиға әлемдік футболдың қос жұлдызының шешімдеріне байланысты. Аргентиналық футболшы халықаралық мансабын аяқтайтынын 2026 жылдың тамызында мәлімдеді, ал португалиялық 5 қарашада ұлттық құрамамен ресми түрде қоштасты.

Роналду Португалия құрамасындағы дебютін 2003 жылғы тамызда жасаса, Месси Аргентина жейдесімен алғаш рет 2005 жылы алаңға шықты. Жиырма жылдан астам уақыт бойы олардың кем дегенде біреуі халықаралық футболдың ажырамас бөлігі болып келді.

Осы уақыт ішінде португалиялық ұлттық құрама сапында 234 матч өткізіп, 146 гол соқты. Құрамамен бірге ол 2016 жылғы Еуропа чемпионатында жеңіске жетіп, Ұлттар лигасының екі дүркін чемпионы атанды.

Ал Месси Аргентинаны 2022 жылғы әлем чемпионатындағы жеңіске бастап, Америка кубогын екі рет ұтты. Екі футболшы да алты әлем чемпионатына қатысып, тарихи жетістікке қол жеткізді.

Енді ұлттық құрамалар өздерінің ұзақ жылдар бойы көшбасшы болған футболшыларынсыз ойнауға үйренуі керек. Қарашада Аргентина Уругвай және Коста-Рика құрамаларымен жолдастық матч өткізсе, Португалия Ұлттар лигасында Дания және Уэльспен кездеседі.

Сонымен қатар Месси мен Роналду клубтық мансабын жалғастырып жүр

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie