locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» хоккейшілерінің жалақысы қанша: ең жоғары жалақы алатын ТОП-10 ойыншы

Үздік ондықтағы хоккейшінің сегізі АҚШ пен Канада өкілдері
Хоккей
«Барыс» хоккейшілерінің жалақысы қанша: ең жоғары жалақы алатын ТОП-10 ойыншы
ФОТО: ХК «Барыс»

Астаналық «Барыс» сапында жалақысы әртүрлі хоккейшілер өнер көрсетеді. Sports24.kz 2026/2027 жылғы маусымда қазақстандық клубтың ең жоғары жалақы алатын он ойыншысын назарларыңызға ұсынады.

«Спорт-Экспресс» мәліметінше, командада ең көп жалақы алатын ойыншы – америкалық қорғаушы Чейз Приски. Оның жылдық жалақысы 273,5 миллион теңгені құрайды.

Екінші орында канадалық қорғаушы Джейк Мэсси тұр. Оның жалақысы – 246,15 миллион теңге. Үшінші орынды шабуылшы Мэйсон Морелли мен қақпашы Хантер Шепард бөлісіп отыр. Екеуінің де жылдық жалақысы 218,8 миллион теңге.

«Барыстың» ең жоғары жалақы алатын ТОП-10 ойыншысы:

  1. Чейз Приски (АҚШ, қорғаушы) – 273,5 миллион теңге.

  2. Джейк Мэсси (Канада, қорғаушы) – 246,15 миллион теңге.

  3. Мэйсон Морелли (АҚШ, шабуылшы) – 218,8 миллион теңге.

  4. Хантер Шепард (АҚШ, қақпашы) – 218,8 миллион теңге.

  5. Гарретт Пилон (Канада, шабуылшы) – 202,39 миллион теңге.

  6. Логан Дэй (АҚШ, қорғаушы) – 191,45 миллион теңге.

  7. Тайс Томпсон (АҚШ, шабуылшы) – 180,51 миллион теңге.

  8. Андрей Шутов (Қазақстан, қақпашы) – 180,51 миллион теңге.

  9. Иан Маккошен (АҚШ, қорғаушы) – 153,16 миллион теңге.

  10. Аркадий Шестаков (Қазақстан, шабуылшы) – 153,16 миллион теңге.

Осылайша, үздік ондыққа үш ойын амплуасының өкілдері – шабуылшылар, қорғаушылар және қақпашылар енді. Рейтингтің көшін клубтың легионерлері бастап тұр.

Айта кетейік, жарияланған мәліметтерде хоккейшілердің бонустар есепке алынбаған негізгі жалақысы көрсетілген.

24 матчтан кейін «Барыстың» еншісінде 25 ұпай бар. Команда Шығыс конференциясында алтыншы орында келеді.

Келесі ойында, 12 қарашада «Барыс» өз алаңында владивостоктық «Адмиралды» қабылдайды. «Барыс Аренада» өтетін кездесу Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie