locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бублик әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасымен бір командада ойнайды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Үндістанда өтетін World Tennis League көрме турниріне қатысады. Оның жұптағы серіктесі әлемдік рейтингтің бұрынғы көшбасшысы Каролина Плишкова болады.
Теннис
Фото: Getty Images

Александр Бублик 17-20 желтоқсан аралығында Үндістанның Бангалор қаласында өтетін World Tennis League турниріне қатысады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жарыс ұйымдастырушылары төрт команданың құрамын жариялады. Қазақстандық теннисші бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы Каролина Плишковамен бірге Aussie Mavericks Kites командасына қосылды. Сондай-ақ команда сапында үндістандық теннисшілер Юки Бхамбри мен Майя Раджешваран Ревати өнер көрсетеді.

Қатысушылар қатарында Ник Кирьос, Паула Бадоса, Элина Свитолина және Олимпиада чемпионы Белинда Бенчич те бар.

World Tennis League турнирі өзгеше форматта өтеді. Ерлер мен әйелдер командаларға бірігіп, жекелей және жұптық кездесулерде сынға түседі. Ойын нәтижелері ATP және WTA рейтингтеріне әсер етпейді.


Турнир Бангалордағы KSLTA S.M. Krishna Tennis Stadium корттарында өтеді.

Еске салайық, 2026 жылдың қаңтарында Бублик мансабында алғаш рет әлемдік рейтингтің үздік ондығына еніп, Қазақстанның алғашқы өкілі атанды,

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie