Веретенниковтың келесі UFC турниріндегі жекпе-жегі расталды. Қарсылас пен күні белгілі
Getty Images. Николай Веретенников
Қазақстандық файтер Николай Веретенников (12-4-0) 15 ақпанда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC Vegas 102 турнирінде өнер көрсетеді.
Кештің басты оқиғасы орта салмақтағы америкалық Джаред Каннонье (17-8-0) мен бразилиялық Грегори Родригес (16-5-0) арасындағы жекпе-жек болмақ.
Веретенников кештің алдын ала кардында өнер көрсетеді. Ол сегізбұрышқа америкалық Билли Рэй Гоффқа (9-3-0) қарсы шығады.
Николай Веретенников, өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың тамыз айында UFC-де дебют жасаған болатын. Алғашқы жекпе-жегінде ол американдық Дэнни Барлоуға (9-0-0) есе жіберді.