locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» Роман Старченконы салтанатты түрде шығарып салады

«Барыс» ҚХЛ матчтарын Роман Старченкоға арнайды – Астанада Қазақстан хоккейінің аңызына арналған шаралар өтеді
ФОТО: ХК "Барыс"

«Барыс» өз алаңында «Салават Юлаев» пен «Амурға» қарсы өткізетін ҚХЛ матчтарын қазақстандық хоккейдің аңызы, клуб пен Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Роман Старченкоға арнайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Салтанатты шараның алғашқы бөлігі бүгін, 9 қыркүйекте, «Салават Юлаевпен» өтетін матч алдында ұйымдастырылады. Старченконың жейдесі «Барыс Арена» сарайының төбесіне көтеріледі.

«Құрметті жанкүйерлер! Сіздерді «Super Star 48» хоккей матчтарының сериясына шақырамыз! 9 және 12 қыркүйекте біз қазақстандық хоккейдің аңызы, спорттық мансабының 20 жылға жуық уақытын «Барысқа» арнаған Роман Старченконы құрметтейміз. «Салават Юлаевпен» кездесудің алдында хоккейшінің жейдесін «Барыс Арена» төбесіне салтанатты түрде көтеру рәсімі өтеді. Ал «Амурмен» матч алдында Роман Старченконың қатысуымен автограф-сессия ұйымдастырылады. Аңызға айналған шараның бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!» – деді елордалық хоккей клубының баспасөз қызметі.

Үскемен хоккейінің түлегі «Барыс» сапында 17 маусым өткізді. Старченко Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатының 18 додасына қатысты.

Еске салайық, бұған дейін елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа тұрақты маусымды сәтті бастап, өз алаңында новосібірлік «Сибирьді» ірі есеппен жеңген болатын.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie