locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Конор Макгрегор оралады: Майкл Чендлермен жекпе-жек Ақ үйде өтеді

Ирландия жұлдызы бес жылға жуық үзілістен кейін тарихи айқасқа дайындалып жатыр
ММА
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Конор Макгрегор оралады: Майкл Чендлермен жекпе-жек Ақ үйде өтеді
ФОТО: Getty Images

UFC-дің екі салмақ дәрежесінде бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор октагонға қайта оралатынын ресми түрде мәлімдеді.

Оның қарсыласы — америкалық Майкл Чендлер. Екеуі бұған дейін The Ultimate Fighter жобасында бірге қатысқан болатын.

«Иә, мен Майкл Чендлермен жекпе-жекке шығамын. Біз шоу түсірілімінде таныстық, ол жақсы жігіт. Бірақ октагонда мүлдем басқа жағдай күтіп тұр», — деді Макгрегор Fox News телеарнасына берген сұхбатында.

Айқас 2026 жылдың маусым айының соңында ерекше орында — АҚШ-тағы Ақ үй аумағында өтеді. 37 жастағы ирландиялық үшін бұл 2021 жылдың шілдесінен бергі алғашқы жекпе-жек болмақ. Ол кезде Макгрегор UFC 264 турнирінде Дастин Порьеге қарсы шығып, аяғын сындырып, техникалық нокаутпен жеңіліп қалған еді.

Қазіргі таңда Макгрегордың кәсіби мансабында 22 жеңіс пен 6 жеңіліс бар. Оның қайта оралуы ММА тарихындағы ең көп күткен оқиғалардың бірі ретінде аталып отыр.

Сондай-ақ Макгрегор Ирландияны таңғалдырды: UFC жұлдызы президент сайлауынан бас тартты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie