Кравец «Барыстың» ҚХЛ-дағы қатарынан екінші жеңісінің факторларын атады
«Барыс» командасының бас бапкері Михаил Кравец астаналық ұжымның ҚХЛ-дағы қатарынан екінші жеңісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
17 қазанда астаналық команда сырт алаңдағы сериясын «Сибирьді» жеңумен бастады. Кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Қазақстандық қонақтарға жеңіс әкелген шайбаны үшінші кезеңде Мэйсон Морелли соқты.
«Өте эмоцияға толы, нағыз тартысты ойын болды. Командалар тең дәрежеде өнер көрсетті, екі жақ та бар күшін салды, сондықтан сәттерден гөрі күрес көп болды деуге болады. Бүгінгі матчта кем құрамда жақсы ойнағанымыз қуантады, дегенмен кейбір айып уақыттары шынымен де орынсыз әрі қажетсіз болды.
Жалпы, жігіттер тағы да командалық хоккей көрсетті, шайба жолына 24 рет тосқауыл қойды, қақпашымыз тамаша ойнады. Әр ойыншының жеңіске ұмтылғаны көрініп тұрды. Ақыры есепті шешкен голды қақпа алдына бағыттау арқылы соққанымыз және матчты жеңіске дейін жеткізгеніміз жақсы болды. Сондықтан баршаңызды жеңіспен құттықтаймын, қиын сапарымызды жалғастырамыз», — деді Кравец ойыннан кейін.
19 қазанда «Барыс» сырт алаңдағы сериясын Хабаровскінің «Амурына» қарсы кездесумен жалғастырады.