locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Сибирь» - «Барыс»: ҚХЛ матчының бейнешолуы

Мэйсон Мореллидің дәл соққысы Астанадан барған қонақтарға жеңіс әкелді
ФОТО: «Барыс»

«Барыс» «Сибирь» командасын Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясындағы сырт алаңдағы матчта жеңді. Кездесу астаналық ұжымның пайдасына 1:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Матчтағы жалғыз гол соңғы 20 минутта соғылды. Үшінші кезеңде қонақтар командасының америкалық шабуылшысы Мэйсон Морелли «Сибирь» қақпасын дәл көздеп, астаналық ұжымға жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, бұл «Барыстың» ҚХЛ-дағы қатарынан екінші жеңісі және осы маусымда «Сибирь» үстінен алған екінші жеңісі (Астанадағы 7:1 есебінен кейін).

Михаил Кравец шәкірттері 20 ұпай жинап, ҚХЛ тұрақты чемпионатының Шығыс конференциясында екінші орынға көтерілді. 19 қазанда «Барыс» сырт алаңдағы сериясын Хабаровскінің «Амурына» қарсы кездесумен жалғастырады.

Назарларыңызға «Сибирь» - «Барыс» матчының (0:1) бейнешолуын ұсынамыз

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie