ВИДЕО: ҚХЛ-да «Барыс» «Локомотивті» тас-талқан етті
Кравец командасы үшін ірі жеңістер үйреншікті жағдайға айналып келеді
ФОТО: «Барыс»
Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дағы сырт алаңдағы сериясының үшінші матчін ярославльдік «Локомотивке» қарсы аса сәтті өткізді (5:0), деп хабарлайды Sports24.kz.
Астаналық команда қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, ярославльдік клубтың қақпасына жауапсыз бес шайба соқты. Дәл соққылардың авторлары — Джейк Масси, Логан Дэй, Джастин Бэйли, Ансар Шайхмедденов және Семен Симонов.
Бүгінгі кездесуден кейін астаналық команданың еншісінде сегіз ұпай бар. «Барыс» ҚХЛ-дың Шығыс конференциясы турнирлік кестесінде бесінші орында тұр.
Астанаға оралмас бұрын сырт алаңдағы сериясын «Барыс» 22 қыркүйекте Мәскеуде «Динамоға» қарсы матчпен аяқтайды.
Назарларыңызға «Локомотив» – «Барыс» (0:5) матчының шолуын ұсынамыз