Орасан зор алшақтық: Opta рейтингіндегі «Қайрат» пен КЛ қарсыластарының салыстыруы
Opta-ның әлемдік рейтингінде «Қайрат» Конференциялар лигасының негізгі кезеңіндегі қарсыластарына айтарлықтай жол береді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан чемпионынан тек бір қарсылас — швециялық «Мьелльбю» ғана төмен орналасқан, оның өзінде айырмашылық аса үлкен емес. 18 қыркүйектегі рейтинг жаңартуында алматылықтар 76.4 ұпаймен 552-орында тұр. Олар соңғы аптада бірден 123 позицияға төмендеді. Ал Швеция чемпионы 76.1 ұпаймен 575-орынға жайғасып, 31 сатыға көтерілді.
- Сондай-ақ оқыңыз: Еуропа лигасының триумфаторы және Чемпиондар лигасының финалисі: «Қайраттың» Конференциялар лигасындағы қарсыластары еурокубоктарда не көрсетті?
Ең мықты қарсылас — сөзсіз, «Аталанта». 86.9 рейтингі бар италиялық гранд әлемдегі ең үздік 60 клубтың қатарына кіреді. Тағы екі қарсылас — «Твенте» мен «Панатинаикос» рейтингте бір-біріне жақын орналасқан: 83.6 ұпаймен олар тиісінше 123- және 124-орындарда тұр.
Еске салайық, Конференциялар лигасының негізгі кезеңінде «Қайрат» өз алаңында «Панатинаикос», «Мьелльбю» және румыниялық «Университатя» Крайовамен ойнайды. Ал сырт алаңда «Ригаға», «Аталантаға» және «Твентеге» қарсы кездесулер өткізеді.
Рафаэль Уразбахтин шәкірттері алғашқы матчын 15 қазанда «Ригаға» қарсы өткізеді. Ал негізгі кезеңдегі соңғы ойынын 18 желтоқсанға қараған түні «Твентеге» қарсы өткізеді.
