locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

21 қыркүйекте Азия ойындары-2026-да қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

Дүйсенбіде Жапонияда өтіп жатқан ойындарда жарыстың екінші күні өтеді
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
21 қыркүйекте Азия ойындары-2026-да қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
21 қыркүйекте Азия ойындары-2026-да қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

Дүйсенбі, 21 қыркүйекте Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында жарыстың екінші күні өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Назарларыңызға 21 қыркүйекте Айти-Нагояда Қазақстан құрамасы өкілдерінің қатысуымен өтетін жарыстар кестесін ұсынамыз. Уақыт Астана уақытымен көрсетілген.

05:00 – көгалдағы хоккей

Әйелдер. Оңтүстік Корея – Қазақстан.

05:30 – триатлон

Аралас эстафета: Диана Ержанова, Арлан Жанабай, Аида Ким, Егор Крупяков.

05:45 – оқ ату

10 метрге пневматикалық винтовкадан ату – командалық финал және жеке іріктеу.

06:00 – стенд атудан жарыс

Скит, ерлер және әйелдер – жеке іріктеу және командалық финалдың бірінші күні. Қазақстан намысын Александр Мухамедиев, Артём Седельников, Давид Почивалов, Зоя Пискун, Асем Орынбай және Адель Садакбаева қорғайды.

06:00 – жүзу

Алдын ала жүзу кезеңдері.

06:00 – үстел теннисі

Қазақстан – Мальдив аралдары, әйелдер.

07:20 – ММА

Жартылай финалдар және финалдар. Санжар Адилов, Кадырбек Шинбаев және Еркингали Буркуталин.

08:30 – оқ ату

Жеке финал. Ислам Сатпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский.

08:30 – каратэ

Алдын ала кезеңдер. Асель Канай және Олжас Алтынбек.

09:00 – волейбол

Қытайлық Тайбэй – Қазақстан, әйелдер, 5–8-орындар үшін плей-офф.

09:15 – 3×3 баскетбол

Қазақстан – Шри-Ланка, ерлер.

09:40 – каратэ

1/4 финал.

10:30 – 3×3 баскетбол

Моңғолия – Қазақстан, ерлер.

10:30 – спорттық гимнастика

Жеке көпсайыстың финалы және жекелеген жаттығулар бойынша іріктеу. Ильяс Азизов, Дмитрий Патанин, Милад Карими, Нуртан Идрисов, Нариман Курбанов – қосалқы құрамда.

10:40 – каратэ

1/2 финал.

11:00 – бадминтон

Қазақстан – Жапония, ерлер, плей-оффтың бірінші кезеңі.

11:40 – каратэ

Финалдар.

13:00 – жүзу

Қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтетін финалдық жүзу кезеңдері.

13:40 – су добы

Қазақстан – Жапония, әйелдер.

14:00 – ушу

1/8 финал. Алина Шоссова, Карим Иминжанов және Бексултан Коскенов.

15:00 – үстел теннисі

Қазақстан – Лаос, ерлер.

Айта кетейік, Азия ойындарындағы алғашқы жарыс күнін Қазақстан құрамасы төрт алтын және екі қола медальмен аяқтады. Бұл нәтиже командаға медальдар кестесінде төртінші орынға жайғасуға мүмкіндік берді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie