«Шанхайские Драконы» – «Барыс»: Кравец құрамды атады
30 қазан кешінде «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатындағы кезекті матчын өткізеді. Астаналық команданың қарсыласы «Шанхайские Драконы» болады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Санкт-Петербургтегі матчтың басталу ысқырығы Астана уақытымен 21:30-да соғылады. Ойынның тікелей трансляциясы «Qazsport» телеарнасында қолжетімді болады.
Қазақстандық команданың бас бапкері Михаил Кравец ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы матчқа негізгі құрамды атады.
«Барыстың» құрамы:
Шутов (Нурек);
Масси – Дэй, Симонов – Морелли – Томпсон;
Маккошен – Данияр, Омирбеков – Пилон – Бэйли;
Бритиков – Приски, Ляпунов – Шестаков – Кайыржан;
Асетов – Оразов, Саркенов – Шайхмедденов – Савицкий.
«Шанхайские Драконы» Санкт-Петербургтегі матчқа қатарынан төрт жеңіс сериясымен келеді. «Барыс» алдыңғы ойында Минскінің «Динамосын» 1:0 есебімен жеңіп, үш жеңілістен тұратын сериясын үзді. Кравец шәкірттері 20 ойыннан кейін 23 ұпай жинап, тұрақты чемпионаттың Шығыс конференциясында үшінші орында тұр.