locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ағылшын клубының жаттықтырушысы ойыншыларын эмоциямен жерден алып, жерге салды да, командасына жеңілістен құтылуға көмектесті

Ағылшындық «Доркинг Уондерерс» клубының киім ауыстыратын бөлмесінде ерекше жағдай болды.
Футбол
Ағылшын клубының жаттықтырушысы ойыншыларын эмоциямен жерден алып, жерге салды да, командасына жеңілістен құтылуға көмектесті
Фото: Инстаграм

Ағылшындық «Доркинг Уондерерс» клубының бас бапкері Марк Уайт матч үзілісінде футболшылардың алдында эмоцияға толы сөз сөйлеп, содан кейін оның командасы есепті теңестіріп, жеңілістен құтыла алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Команданың бас бапкері әрі негізін қалаушы Марк Уайт шәкірттерінің бірінші таймдағы ойынына көңілі толмады. Футболшылар үзіліске қарсыласына 1:2 есебімен ұтылып кетті.

Жаттықтырушы эмоциясын жасырмай, ойыншыларын аяусыз сынға алды. Уайт командаға наразылығын қатаң түрде жеткізіп, белсенді түрде ымдап, екінші тайм алдында футболшыларды жігерлендіруге тырысты.

Маманның эмоцияға толы сөзі түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланып, футбол жанкүйерлерінің назарын аударды.

Қорытынды нәтижеге қарағанда, жаттықтырушының сөздері әсер еткен. Екінші таймда «Доркинг Уондерерс» ойын барысын өзгертіп, матчты 3:3 есебімен тең аяқтады.

Айта кетейік, Марк Уайт бас бапкер ғана емес, сонымен қатар «Доркинг Уондерерс» клубының негізін қалаушылардың бірі. Маман эмоцияға берілетін мінезімен және команданы басқарудағы стандарттан тыс тәсілімен танымал.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie