locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Шабуылдағы фантастикалық ойын»: ҚХЛ-да «Барысқа» тәнті болды

Мәскеулік «Динамо» мен астаналық «Барыс» арасындағы матч бүгін, 22 қыркүйекте, Қазақстан уақытымен 21:30-да өтеді
ФОТО: ХК "Барыс"

ҚХЛ мәскеулік «Динамо» мен астаналық «Барыс» арасындағы матчқа анонс жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Ақ-көктер «Амурдан» 0:4 есебімен жеңілгеннен кейін реабилитация жасай ала ма?

Мәскеулік «Динамо» үш матчтық сапардан оралды. Бұл сапардың басым бөлігі команда үшін сәтті өтті. Леонид Тамбиевтің шәкірттері «Северстальді» (2:0) және «Адмиралды» (3:2) жеңді. Алайда Хабаровскіде «Амурға» қарсы өткен соңғы матчта жағымсыз сүрініс орын алды (0:4). Енді ақ-көктер өз алаңында осы нәтижеге лайықты жауап беруі тиіс.

Ал «Барыс» Ресей астанасына көтеріңкі көңіл күймен аттанды. Екі күн бұрын астаналықтар Ярославльде Гагарин кубогының қазіргі иегері «Локомотивті» ойсырата жеңді (5:0). Михаил Кравец шәкірттері осы маусымда шабуылда фантастикалық ойын көрсетіп жүргенін тағы бір мәрте дәлелдеді. «Теміржолшыларға» қарсы матчта Андрей Шутов қақпасын голдан аман сақтады. Қазір оның қақпасына гол жібермеген сериясы 109 минут 57 секундқа жетті.

Төрт матчтық сапарын аяқтайтын «Барыс» тағы да осындай жарқын ойын көрсете ала ма, әлде «Динамо» мықтырақ бола ма?

ҚХЛ-дағы соңғы бес матчтағы командалар көшбасшылары

Мәскеуліктер құрамында осы маусымдағы нәтижелілігі бойынша шабуылшы Дилан Сикьюра көш бастап келеді (1+5). Ақ-көктердің қақпашысы Максим Моторыгин үшін келесі «құрғақ» матч оның ҚХЛ-дағы мансабындағы 10-шысы болады. Ал «Барыстың» үздік сұрмергені әрі бомбардирі мәртебесін шабуылшы Джастин Бэйли сақтап отыр (6+4).

Өзара кездесулердегі жеңістер

«Динамо» соңғы тарихтағы өзара 14 кездесудің 9-ында астаналықтарды жеңді», - деп жазады сайт.

Айта кетейік, мәскеулік «Динамо» мен астаналық «Барыс» арасындағы матч бүгін, 22 қыркүйекте, Қазақстан уақытымен 21:30-да өтеді.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie