«Динамо» — «Барыс» ҚХЛ-да: матчты тікелей эфирден қайдан көруге болады
Бүгін, 22 қыркүйекте, Мәскеудің «Динамосы» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында астаналық «Барысқа» қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Мәскеудегі кездесу Қазақстан уақытымен 21:30-да басталады. Матчтың тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
Командалар өзара кездесудің алдында сегіз ұпайдан жинады, алайда «Барыс» бір ойын кем өткізді. Алдыңғы матчта астаналықтар сырт алаңда қазіргі чемпион — ярославльдік «Локомотивті» 5:0 есебімен ірі жеңді.
Ал Мәскеудің «Динамосы» соңғы кездесуінде хабаровскілік «Амурдан» 0:4 есебімен ойсырай жеңілді.
«Динамо» мен «Барыс» арасындағы соңғы матч былтыр желтоқсанда өтіп, астаналық клубтың 4:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Сонымен қатар «Барыс» мәскеулік командамен болған соңғы үш кездесудің барлығында жеңіске жетті.