locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» 11 жыл бұрынғы антирекордын қайталады: «Атлетикоға» қарсы дербиде не болды?

«Реал» «Атлетикоға» қарсы матчта 11 жылдағы ең төмен xG көрсетті
«Реал» 11 жыл бұрынғы антирекордын қайталады: «Атлетикоға» қарсы дербиде не болды?
ФОТО: Getty images
Ла Лига Испания
10.10.2026, 15.00
Реал Мадрид
-
Вильярреал
-

Мадридтік «Реал» «Атлетикоға» қарсы принципті дербиде жеңіліп қана қоймай, соңғы 11 жылдағы шабуылдағы ең әлсіз матчтарының бірін өткізді. Жозе Моуринью командасы қарсылас қақпасына өте аз қауіп төндіріп, кездесуді небәрі 0,32 xG көрсеткішімен аяқтады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Opta дерегіне сүйенсек, «Реалдың» Ла Лига матчындағы xG көрсеткіші соңғы рет 2015 жылдың ақпанында осыншама төмен болған.

Бір қызығы, сол кездегі антирекорд та «Атлетикоға» қарсы дербиде тіркелген. Ол ойында Карло Анчелотти жаттықтырған «Реал» қарсыласына 0:4 есебімен ойсырай жеңілген еді.

Арада 11 жыл өткенде ұқсас жағдай тағы қайталанды. Бұл жолы «Реал» 1:2 есебімен ұтылды, алайда ең үлкен мәселе тағы да шабуылдағы әлсіздік болды.

Құрылған қауіпті сәттер жағынан айырмашылық өте үлкен болды. «Атлетиконың» жалпы xG көрсеткіші 2,38-ге жетсе, «Реалда» бұл сан небәрі 0,32 болды.

Яғни Моуринью шәкірттері қарсылас қақпасы маңында шынайы қауіп тудыратын сәттерді өте аз жасады. Есеп айырмасы минимал болғанымен, статистика ойынның шабуыл жағынан алаң иелерінің басымдығымен өткенін анық көрсетті.

Жеңіліс турнир кестесіне де әсер етті. «Атлетико» 16 ұпаймен екінші орында тұрса, «Реал» 15 ұпаймен төртінші сатыға түсті.

Мадридтік клуб үшін бұл дерби тек нәтиже жағынан емес, статистика тұрғысынан да көңіл көншітпеді. Opta мәліметі бойынша, «Реал» Испания чемпионатында қарсылас қақпасына мұншалықты аз қауіп төндірмегелі он жылдан асып кеткен.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie