locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Михаил Кравец Әлихан Әсетовтің төбелесі мен «Барыстың» ҚХЛ-дағы жеңісіне баға берді

«Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец Әлихан Әсетов пен Дживани Смит арасындағы төбелес туралы айтты
Хоккей
Михаил Кравец Әлихан Әсетовтің төбелесі мен «Барыстың» ҚХЛ-дағы жеңісіне баға берді
ФОТО: Барыс ХК

Астаналық «Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында «Шанхай Дрэгонсқа» қарсы өткен кездесуде қазақстандық шабуылшы Әлихан Әсетовтің төбелесі команда ойынына қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

30 қазанда «Барыс» «Шанхай Дрэгонсты» 4:2 есебімен жеңіп, матч барысында таразы басын өз пайдасына аударды. Кездесудің екінші кезеңінде астаналықтар 0:2 есебімен ұтылып жатқан сәтте Әлихан Әсетов канадалық шабуылшы Дживани Смитпен төбелесіп, ойынның маңызды сәттерінің біріне себепкер болды.

Матчтан кейін Михаил Кравец қазақстандық хоккейшінің бұл әрекеті команданы жігерлендіргенін атап өтті. Алайда бапкер қарсылас ойыншының әрекетіне көңілі толмағанын жасырмады.

«Әлихан әрдайым команда үшін ойнайды. Мұндай жағдайларға да бұрын талай тап болған. Дегенмен оның қарсыласы да лайықты әрекет жасап, шлемін шешуі керек еді. Сонда әділ болар еді. Әсетов өз міндетін орындады. Төбелестен кейін де командасына көмектесіп, тең құрамда да, сан жағынан аз қалған сәттерде де жақсы ойнады. Осындай матчтар оның өткен маусымдағы деңгейіне қайта оралуына септігін тигізеді деп үміттенемін», – деді Кравец.

Бас бапкер төбелестен кейін «Барыс» ойыншыларының көңіл күйі өзгеріп, командаға тың серпін келгенін де айтты.

«Әрине, өзгерісті бірден байқадық. Әлихан бұл төбелесте ұпай бойынша басым түсті деуге болады. Жігіттер еңсесін көтеріп, оны бұрынғыдан да қызу қолдай бастады», – деп қосты маман.

Айта кетейік, кездесу 30 қазанда Санкт-Петербург қаласында өтті. Владислав Барулин мен Бреннан Менеллдің шайбаларынан кейін алаң иелері 2:0 есебімен алға шыққан. Алайда Әлихан Әсетов пен Дживани Смит арасындағы төбелестен кейін астаналықтар ойын барысын өзгерте алды.

Екінші кезеңде Тайс Томпсон сан басымдығын екі мәрте сәтті пайдаланып, есепті теңестірді. Ал шешуші жиырма минуттықта Асанәлі Сәркенов «Барысты» алға шығарды. Кездесу соңында Томпсон бос қалған қақпаны дәл көздеп, хет-трик авторы атанды.

Осылайша «Барыс» қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Астаналық клуб 25 ұпай жинап, ҚХЛ Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде екінші орынға көтерілді.

Михаил Кравец шәкірттері келесі кездесуін 4 қарашада Челябі қаласында «Тракторға» қарсы өткізеді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie